Ақтөбе облысында астық жинау жұмыстары аяқталуға жақын
Бүгінгі күні 408,3 мың гектар алқап немесе жоспарланған көлемнің 94,5% - ы жиналды. Алдағы күндері астық жинау науқаны толығымен аяқталады деп күтілуде.
Ақтөбе облысында егін жинау науқанының барысы облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың төрағалығымен өткен жиын барысында қаралды.
Ақтөбе облысының Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембайдың айтуынша, дәнді дақылдарға барлығы 432,2 мың гектар егіс алқабы бөлінген. Биылғы жыл жергілікті фермерлер үшін жемісті болыпты. Мәселен, 408,3 мың га алқаптан орташа өнімділігі 13,6 ц/га болған кезде 554,4 мың тонна астық жиналды, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,4 ц/га артық. 2023 жылы 344,4 мың тонна астық алынды, ал орташа өнімділік 10,2 ц/га құрады.
Дәнді дақылдардың ең көп өнімі Мәртөк (17,9 ц/га), Хромтау (14,3 ц/га), Қарғалы аудандарында (13,9 ц/га) және Ақтөбе қаласында (15,9 ц/га) жиналды.
Өңірде жалпы сыйымдылығы 685,1 мың тонна жеті элеватор жұмыс істейді. Қазіргі уақытта элеваторларда 148,4 мың тонна астық сақталады. Сондай-ақ, 123,2 мың тонна жаңа дақыл түсті.
Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы ауданы 707,8 мың га құрады.
Майлы дақылдарға 48,4 мың гектар, жемшөп дақылдарына-220,5 мың гектар, картоп 3,4 мың гектарға, көкөністер 3,3 мың гектарға отырғызылды.
«Біздің міндетіміз – күзгі далалық науқанды сәтті аяқтау. Қазіргі уақытта майлы дақылдарды жинау басталды. Қазірдің өзінде 8,2 мың гектар алқап жиналды. Орташа өнімділігі гектарына 9,6 центнер болған кезде 7,9 мың тонна өнім алынды. Сондай-ақ, 2,9 мың гектар жерден 49,7 мың тонна картоп, 2,4 мың гектар жерден 43,2 мың тонна көкөніс жиналды. Қолайлы ауа райы жағдайлары мен топырақтағы ылғалдың оңтайлы мөлшері 2023 жылғы деңгейден жоғары өнім алуға мүмкіндік берді», - деп атап өтті Құсайын Сәрсембай.
Егін жинауға 1,5 мың трактор, 700-ге жуық комбайн, 800-ге жуық трактор тіркемелері және 500 жүк көлігі жұмылдырылды. Күзгі дала жұмыстарына 7,4 мың тонна дизель отыны бөлінді, бұл өңірдің қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.
Жиын соңында облыс әкімінің орынбасары егін жинау науқанының үзіліссіз және уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -