Ақтөбе облысының үздік педагогтері марапатталды
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров мұғалімдерді кәсіби мереке
сімен
құттықтады.
Дәстүрге сай, елімізде ұстаздар күні қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Ал 5 қазан - Халықаралық мұғалімдер күні. Осы күні педагогтерді кәсіби мерек
есімен
құттықтай отырып, өңір басшысы мұғалімдерге қажырлы еңбектері, шыдамдылықтары және өскелең ұрпақтың дамуына қосқан зор үлестері үшін алғыс айтты.
Асхат Шахаров сонымен қатар білім беру ардагерлеріне ризашылығын білдіріп, олардың көпжылдық тәжірибесі
мен
даналығы жас мұғалімдерге шабыт беретінін, көпке үлгі екенін атап өтті.
Әкім еңбегі еленген ұстаздарды «Ы. Алтынсарин», «Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген білім қызметкері», «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен марапаттады. Бірқатар мұғалім облыс әкімінің алғыс хаты және сыйлықтарына ие болды.
Сондай-ақ,
салтанатты
марапаттау рәсімінде жыл сайын өтетін байқауда жеңіске жеткен мұғалімдерге құрмет көрсетілді. Оларға «Ақтөбе облысының үздік мұғалімі» және «Ақтөбе облысының еңбек сіңірген мұғалімі» атақтары берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -