Ақтөбеде ұялы байланыс пен интернеттің жылдамдығының сапасын жақсарту жұмыстары жүргізілуде
Цифрлық технологиялар басқармасының салалық министрлікпен бірлесіп, байланыс желілерін дамыту жөніндегі Жол картасын бекіткен. Құжатқа сәйкес, аясында жыл соңына дейін Ақтөбе облысындағы 40 ауылға жаңа базалық станциялар орнатылуы тиіс.
Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Басқарма басшысы Әсет Отарбаев Kcell мобильді операторының өкілдерімен бірлесе отырып, проблемалық орындардағы байланыс пен интернеттің сапасын тексерді.
Бүгінгі таңда оператор аймақта 320-дан астам базалық станция орнатқан, оның ішінде 40 – 5G станциясы, бұл қаланың негізгі нүктелері мен қала маңындағы аудандарға қолжетімділікті едәуір арттырды. Жаңа орындардың қатарына Қ.Жұбанов атындағы өңірлік университеті, М.Оспанов атындағы БҚМУ және Байланыс колледжі сияқты оқу орындары енді, бұл интернетті білім беру мақсатында пайдаланатын студенттер үшін өте маңызды.
Сонымен қатар, Алтын орда, Есет батыр, Бауырластар, Сазды, Жаңақоныс- 1, 2, 3, 4, Қызылжар- 2, 3, 41-ші разъезд, Ясный тұрғындары интернет жылдамдығына жиі шағым айтады. Мұнда олар ескірген ADSL технологиясы бойынша интернетті пайдаланып келді, ал кейбір жерлерде желі мүлдем болмаған.
«Қаланың дамуы қарқынды. Телекоммуникация сияқты инфрақұрылым да қатар дамып келеді. Біздің жоспарымыз – келер жылы Ақтөбе облысын толығымен байланыспен қамту, тіпті ең шалғай жатқан ауылдарда да адамдар байланыста болуы үшін бар күшімізді саламыз», - деп атап өтті Әсет Отарбаев.
Kcell өкілдерінің айтуынша, интернетпен қамту қала және оның тұрғын алаптарында ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлерде, «Самара-Шымкент», «Ырғыз-Шалқар», «Ақтөбе-Астрахань» және «Ақтөбе-Орск» республикалық маңызы бар трассалардың бойында да жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -