Ортсайлауком ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Ж. Нұралинді тіркеді
ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты А.Ж. Нұралинді тіркеу туралы» қаулы қабылданды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігі Бюросының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 27 қаулысынан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының бос мандаты «ҚХП» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Асылбек Жамашұлы Нұралинге берілсін. Асылбек Жамашұлы Нұралин Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Асылбек Жамашұлы Нұралинге белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын.«Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабына сәйкес депутаттың өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы тіркеген кезден басталады.
ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Асылбек Жамашұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -