ҚАЗАҚСТАН ҚОРЖЫНЫНА АЛҒАШҚЫ АЛТЫН МЕДАЛЬ ТҮСТІ!
Бүгін Турин қаласында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Фристайл-могулдан жарысқа қатысқан отандасымыз, Қазақ спорт және туризм академиясының 3 курс студенті Анастасия Городко 79,79 ұпаймен жеңімпаз атанып, Қазақстанға алғашқы алтын медальді әкелді. Екінші орынды жапониялық Харуко Накао (76,29 ұпай) алса, үздік үштікті германиялық Ханна Уисе 75,04 ұпаймен қорытындылады. Финалда өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс докторанты Аяулым Әмренова 5-орынға тұрақтады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -