Қазақстан Сыртқы істер министрі АҚШ Елшісін қабылдады
Астана, 2025 жылғы 14 қаңтар – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу дипломатиялық миссияның аяқталуына орай Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Дэниел Розенблюмді қабылдады.
ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы қазақ-америкалық ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде АҚШ Елшісі Қазақстандағы дипломатиялық миссиясы барысында үнемі қолдау көрсетілгені үшін шексіз алғысын білдірді. Сондай-ақ ол Қазақстанмен өзара құрмет пен сенім рухында ынтымақтастықты нығайтуға Құрама Штаттарының бейілділігін ерекше атап өтті.
Кездесу соңында Министр М.Нұртілеу АҚШ Елшісіне Қазақстандағы жұмысы барысында екіжақты саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесін атап, алғыс хат табыс етті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -