Ақтауда «Аммиак-карбамид кешені» жобасының іске асырылу барысы талқыланды
29 қарашада облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай «ҚазАзот» АҚ өкілдерімен кездесті. Басқосуда «Аммиак-карбамид кешені» жобасының іске асырылу барысы мен алдағы жоспарлары талқыланды.
Аталған жоба іске асқанда жылына 660 мың тонна аммиак, 577,5 мың тонна карбамид , 395 мың тонна азот қышқылы және 500 мың тонна көлемінде аммиак селитрасы өндіріледі деп жоспарлануда.
Жобаны жүзеге асыру үшін жалпы ауданы 242,15 гектар жер телімі бөлінген. Құрылыс-монтаж жұмыстары кезеңінде 1500 адам жұмыспен қамтылады. Нысанды 2029 жылы толық пайдалануға беру көзделген.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңір экономикасының ілгерілеуіне серпін беретін тың жобанының жүзеге асырылуына қажетті барлық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде тиісті шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен қатар аймақ басшысы бұл жобаның өңір экономикасын дамытуға ғана емес, елдің химия өнеркәсібін ілгерілетуге қосатын зор үлесін атап өтті.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -