Мұнайлы ауданында биыл екі мектеп пен 7 балабақша ашылды
Мұнайлы ауданында жыл басынан бері бірқатар әлеуметтік нысандар салынып, халық игілігіне пайдалануға берілді.
Білім саласында үш ауысымды оқытуды жою үшін ауданда 5 мектептің құрылысы жүргізілді. Биыл оның екеуінің құрылысы аяқталып, оқушылар игілігіне берілді. Басқұдық және Қызылтөбе ауылдық округітерінен әрқайсысы 1200 орындық мектеп ашылып, Басқұдық ауылының №9 мектебіндегі және Қызылтөбе ауылының №6 мектебіндегі орын тапшылығы шешілді.
«Жайлы мектеп» жобасы бойынша Батыр ауылында 1200 орындық 2 мектептің және Маңғыстау ауылында 900 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізілуде. Мектептер 2025 жылы қолданысқа берілмек.
Мектепке дейінгі білім сапасын арттыру мақсатында осы жылы 600 орындықты 7 балабақша іске қосылды. Ал, қолданыстағы 6 балабақша 162 орынға кеңейтілді.
Сондай-ақ, ауданға қарасты Маңғыстау ауылынан 150 кереуеттік орталық аудандық аурухана ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аурухана құрылысы аяқталғаннан кейін медицина саласының 320 маманы тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
«Ауыл ел бесігі» жобасы аясында Дәулет ауылдық округінен кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысы аяқталуда.
Айта кетейік, қазіргі таңда ауданда 4 мәдениет үйі мен мемлекеттік 3 балалар және жасөспірімдер сапорт мектебі және 1 спорт кешені жұмыс істейді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -