Маңғыстау облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті
Бүгін, 28 қараша күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен 8 сайланған облыстық мәслихаттың кезектен тыс он алтыншы сессиясы өтті. Сессия барысында облыстың 2024-2026 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу, ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидаларын бекіту, су ресурстарын пайдалану төлемақы ставкаларын анықтау, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен облыс әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
Жиында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Светлана Нарешова 2024 жылға арналған облыс бюджетінің нақтыланған параметрлерін баяндады.
- Жыл ішінде жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмаларын, Даму және Кешенді жоспарлар аясындағы іс-шараларды, сондай-ақ маңызды әлеуметтік міндеттерді қаржыландыруға бағытталды. Ал қысқартылған қаражат ауыз су беру қызметтері, әлеуметтік маңызы бар жол қатынастары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау, әлеуметтік ұйымдарды күтіп ұстау және жаңа мектепке дейінгі ұйымдарға байланысты шығындарды қамтамасыз етуге жұмсалады, – деді Светлана Нарешова.
Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай депутаттарға ел игілігі үшін қабылданған шешімдері мен қолдаулары үшін ризашылығын білдірді.
- Ел қалаулыларының маңызды мәселелерде қолдау білдіріп, қабылдаған шешімдері өңірдің тұрақты дамуына ықпал етеді. Әрбір қабылданған шешім халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталуы тиіс. Сіздердің қолдауларыңыздың маңыздылығын ерекше атап өткім келеді. Бірлескен күш-жігерімізбен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жалғастыратынымызға сенім білдіремін, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -