АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАТАҚХАНАЛАРДЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАТАҚХАНАЛАРДЫ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Абай атындағы ҚазҰПУ 2024-2025 жаңа оқу жылына жатақханаларға студенттерді қабылдауға белсенді дайындалуда. Жатақханаға өтінім беру 10-25 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
25 шілде күні университет ректоры Болат Тілеп жоғары оқу орнының 1206 орынды қамтитын төрт жатақханасын аралап, студенттерді қабылдауға дайындық барысымен танысты. Бүгінде жатақханаларда студенттердің өмір сүруіне қолайлы және қауіпсіз жағдай жасау үшін косметикалық жөндеу және дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.
Жатақханалардан орын бөлу кезінде әлеуметтік аспектілерге ерекше назар аударылады. Ең алдымен, бірінші курс студенттеріне және халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан студенттерге басымдық беріледі. Жатақханаға орналасуға өтініш беру процесі қолжетімдік пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін автоматтандырылған. Бұл шаралар барлық студенттерге тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
Биыл білім алушыларды жатақхана орындарымен қамтамасыз ету үшін Абай университеті 1550 орынды қамтитын бес жалдамалы жатақханамен келісімшартқа отырды. Бұл шешім баспанаға мұқтаж 1-4 курс студенттерінің қажеттіліктерін барынша қанағаттандыру мақсатында қабылданды. Сондай-ақ қазіргі уақытта тағы 1616 студент қабылдай алатын үш қосымша жатақханамен келіссөздер жүргізілуде. Жалға алынған жатақханалардың барлығы бейнекамералармен жабдықталған және студенттердің жайлы тұруы үшін жағдай жасалған.
2024 жылдың 1 маусымынан бастап студенттерді жатақханаға орналастыру барысын оңтайландыру және қолдау көрсету үшін Қазыбек би, 30/1 мекенжайында орналасқан Ахуалдық орталық жұмыс істеуде. Орталықта студенттер мен олардың ата-аналарына жатақханаларға орналастыру мәселелері бойынша жедел ақпарат алуға мүмкіндік беретін сенімтелефоны іске қосылған.
Егер Сіз жатақханаға орналасу бойынша толық ақпарат алғыңыз келсе, Абай университетінің Ахуалдық орталығына хабарласуыңызға болады. Байланыс телефоны: 8 727 293 88 67.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -