Қабанбай батыр даңғылындағы жол-құрылыс жұмыстары ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылды
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасында ауа райының қолайсыздығына байланысты Қонаев көшесінен Сығанақ көшесіне дейінгі учаскеде Қабанбай батыр даңғылы бойынша жұмыстарды тоқтата тұру туралы ескертілді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 24 мамырынан бастап аталған жол учаскесі ашылды.
Алайда осы жылдың 28-30 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылының Қонаев пен Сығанақ көшелерінің арасындағы учаскесі жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу үшін толығымен жабылады. Бұл ретте Қабанбай батыр/ Қонаев және Қабанбай батыр/Сығанақ қиылыстары ашылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -