Қабанбай батыр даңғылының учаскесі жөндеу жұмысына байланысты жабылды
Елорданың Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың 1-3 маусымы аралығында Қабанбай батыр даңғылының Алматы көшесінен Керей Жәнібек хандары көшесіне дейінгі аралығында орташа жөндеу жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осы күндері жоғарыда аталған учаскеде қозғалыс толығымен жабылады. Сондай-ақ, осы жылдың 2 маусымы күні сағат 7:00-ден 3 маусымы сағат 7:00-ге дейін Керей-Жәнібек хандары көшесі мен Қабанбай батыр даңғылының қиылысында көлік құралдарының қозғалысы толығымен жабылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -