Қабанбай батыр мен Ұлы дала қиылысының учаскесі уақытша жабылады
Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың 22 маусымы сағат 00:00-ден 23 маусым сағат 07:00-ге дейін Қабанбай батыр даңғылы мен Ұлы Дала даңғылының қиылысында жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, көлік құралдары үшін қозғалыс толығымен жабылатын болады.
Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -