Абаттандыру жұмыстары - басты назарда
Елімізде сәуір айында басталған ауқымды экологиялық акциясы бүгінгі күнге дейін жалғасып жатыр. Батыс Қазақстан облысының тұрғындары да аталмыш акцияға белсенді атсалысып келеді. Бұл шараға өңіріміздегі кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, кооперативтер, пәтер иелері және басқа да бірқатар ұйымдар белсенділікпен қатысты.
Сонымен қатар, жуырда су тасқыны салдарынан зардап шеккен саяжай және бау-бақша серіктестіктерінің аумақтарын тазалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Қоқысты жинау және оны шығару жеткіліксіз. Тазалықты сақтау үшін тұрақты жұмыс қажет. Саябақтар мен скверлерді, автобус аялдамаларын және қоғамдық пайдалану орындарын жүйелі түрде ретке келтіріп отыру қажет. Бірақ, өкінішке орай, мамыр айындағы демалыс күндері қалдықтар айтарлықтай көбейіп, тазалық акциясының нәтижесі көрінбеді.
Әрине, арнайы қызметкерлер қаланың тазалығын қамтамасыз етуге міндетті, бірақ бұл іске тұрғындардың өздері де үлес қосуы керек. Азаматтардың тазалықты қолдауының арқасында біз үлкен нәтижеге қол жеткізе аламыз.
Облыстың әрбір тұрғыны экологияның ең алдымен өзінен басталатынын түсініп, қоқысты сол жерде қалдырмау, қоршаған ортаны ластамау фактілерін қатаң түрде тоқтату керек.
Біздің облыстың тазалығы мен тәртібіне мән беретін тұрғындар назарына, егер сіз заңсыз полигонға немесе біреудің қоқысты дұрыс емес жерде қалдырғанына куә болсаңыз, бұл фактіні бойынша 102 пультіне хабарлауыңыз сұралады.
Арнайы белгіленбеген жерлерде (темекі тұқылынан бастап пластикалық бөтелкелерге дейін) қоқыс тастау қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережелерін бұзады. Бұл үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес жаза қарастырылған.
Егер қоқысты жеке тұлға қалдырса - айыппұл 20 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) немесе 73 840 теңгені құрайды. Шағын кәсіпкерлер көшеде қоқыс шығарғаны үшін 30 АЕК немесе 110 760 теңге төлейді, орта бизнес өкілдеріне 40 АЕК немесе 147 680 теңге айыппұл салынады. Ірі бизнес үшін ең көп жаза қарастырылған-100 АЕК немесе 369 200 теңге.
Құқық бұзушылықты қайта бұзғаны үшін айыппұл барлық санаттар үшін 10 АЕК-ке артады. Яғни жеке тұлғалар үшін – 30 АЕК, шағын кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар үшін – 40 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 50 АЕК, ал ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін-300 айлық есептік көрсеткіш (1 107 600 теңге) мөлшерінде.
Сондай-ақ, ата-аналардың жазғы кезеңде балалардың қоршаған ортаны ластамауға мән беруін қаперлеріне саламыз.
Облыстың барлық бей-жай қарамайтын тұрғындарына қоршаған ортаны абаттандыруға өз үлестерін қосуға шақырамыз.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -