БҚО-да «ТАЗА АУЛА» акциясы жалғасуда
«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Орал қаласында «Таза аула» экологиялық науқаны бастау алды. Бүгінде «Таза Аула» акциясы еріктілердің басын қосып, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік желі арқылы берілген өтініштерін жерге қалдырған жоқ. Соған сай белгіленген мекенжайға «Таза Қазақстан » автобусына тиелген құрал жабдықтарымен бірге берілген аумақты тазалауға келді.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялықлық акциясы бүгінде жалпыхалықтық сипат алып келеді. Өйткені межелі уақыт біткенімен, көше тазалығына атсалысамын деген ұжымдар мен еріктілердің қатары көбеймесе, азайған жоқ. Ұйымдастырылған игі бастамаға үкіметтік емес ұйым өкілдері, еріктілер, қоғам белсенділері мен жастар белсене қатысты. Осы сәтті пайдалана отырып, қала тұрғындарын, жастарды акцияға қатысуға шақырамыз, өйткені қаланың гүлденуі мен абаттандырылуы біздің қолымызда,- деді БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының бөлім басшысы Бектұрсынов Аманат.
Акция соңында, жергілікті тұрғындар өз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Бүгінгі таңда санитарлық жұмыстарға 175 мыңнан астам тұрғын және 4 мың мекеме мен кәсіпорын қатысты. Акция аясында 80 мыңнан астам аула, оның ішінде 2610 көпқабатты үйдің аумағы және 77 мыңнан астам жеке тұрғын үйдің аумағы жиналды. Сондай-ақ, 247 саябақ пен скверді абаттандыру жұмыстары жүргізілді, 60 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды, 7 мыңнан астам тротуар плиталары жөнделді. 1273 әлеуметтік нысанның аумағы мен 1280 тарихи-мәдени ескерткіштің аумағы тазартылды.
Экологиялық іс-шараларды өткізу үшін 1810 бірлік техника жұмылдырылып, 72160 тонна қоқыс шығарылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -