Теректі ауданында медициналық пункт ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бастап жүзеге асқан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде Теректі ауданы, Ақсоғым ауылдық округіне қарасты Үлкен Еңбек ауылында тұрғындар бірнеше жыл бойы асыға күткен медициналық пункт халық игілігіне қолданысқа берілді.
Ашылу салтанатына қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.
Жалпы ауданы 139 шаршы метр болатын медициналық нысан бір ауысымда 15 адамды қабылдау мүмкіндігі бар. Медициналық пункт қажетті заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Бақытжан Хаберұлының айтуынша, жыл соңына дейін өңірде 20-ға жуық денсаулық сақтау ғимараттары ашылады. Бұл ауыл медицинасын қалпына келтіріп, халықтың денсаулығын жақсартып, сапалы медициналық көмек көрсету үлкен қолдау болмақ.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -