Аким ВКО встретился с членами партийного контроля партии «Amanat» Сериком Оразбаем и Гани Шаймардановым.
Кездесу барысында ұзақ мерзімді құрылыстың нысандардың мәселелері талқыланды. Олардың қатарында Катон-қарағай және Марқакөл аудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар. Қазіргі таңда құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе отырып, нысандарды аяқтап, пайдалануға беру бойынша жұмыс жоспарын құрды.
Сонымен қатар, кездесуде өңірдегі туризм мен инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады. Ғани Шаймарданов Катонқарағай өңірінің тумасы, туризм саласында жұмыс істейді. Ол аймақ басшысына Катон-Қарағайға баратын жол бойындағы дәретханалардың жоқтығы мәселесін айтты.
- Катонға баратын жолда бірде-бір заманауи дәретхана жоқ. Шетелдік қонақтарды ауданымызға шақыру ұят, енді менде оларды салғым келеді», - деді Ғани Шаймарданов.
Аймақ басшысы облыстың туристік маршруттары бойында санитарлық-гигиеналық нысандар салу жобасын қолдап, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына қажетті есептеулерді дайындауды тапсырды. Алтай, Үлкен Нарын және Катонқарағай аудандарының әкімдері жер беріп, сумен қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау керек.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -