Қалалық мәслихат депутаттары елордалық ТЖД бөлімшелеріне барды
Мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов бастаған Астана қаласы мәслихатының депутаттары елордадағы өрт сөндіру-құтқару бөлімшелеріне келді.
Делегация жылдам құрастырылатын модульдік құрылыс материалдарымен қысқа мерзімде салынған № 23 өрт сөндіру бөлімін, сондай-ақ ағымдағы жылы күрделі жөндеу жүргізілген Асқар Забикулин атындағы №6 және №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерімен танысты.
Департамент бастығы Марат Күлдіков келген қонақтарды құтқару бөлімшелерінің қызметімен таныстырды. Өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың техникалық жарақтары мен жабдықтары, оқу-жаттығу кешені, диспетчерлік қызметтердің жұмысы көрсетілді, қонақтар құтқару қызметінің жасақталуын бағалады және азаматтық қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттігін атап өтті.
Сапар аясында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар қызметкерлер мәслихат төрағасының атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -