Кассациялық соттарды құру және осы соттар судьяларының штат санын белгілеу мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесі
Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Д.М. Малаховтың бастамасымен Сот әкімшілігі өкілдерінің: басшысы Н.Р. Ахметзакировтың, Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің меңгерушісі К.А. Жапаковтың, Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімі меңгерушісінің орынбасары Р.Ш. Сұлтанқұловтың және Кеңес аппаратының қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында кассациялық соттарды құрудың, оның ішінде судьялардың штат санын белгілеудің және кассациялық соттарды кадрлық қамтамасыз етудің жекелеген мәселелері талқыланды.
«Кассациялық соттардың құрылуы және олардың 2025 жылғы 1 шілдеден бастап жұмыс істеуі – мемлекеттік маңызы бар мәселе. Соттар уақытында жасақталуы тиіс», - деп атап өтті кеңес барысында Д.М. Малахов.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -