АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІМЕН БІРЛЕСКЕН КЕҢЕС: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІМЕН БІРЛЕСКЕН КЕҢЕС: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ДАЙЫНДЫҒЫ
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан Алматы қаласында жоғары оқу орындарының өкілдерімен жаңа оқу жылына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді.
Кеңес барысында басты назарда болатын мәселе – «Ахуалдық» орталықтарының жұмысын ұйымдастыру және студенттерді жатақханаларға орналастыру болды. Ақерке Абылайхан студенттік жатақханаларда уақтылы төсек орындарын дайындау, дезинфекция жүргізу және жөндеу жұмыстарын уақытында аяқтау қажеттілігіне ерекше назар аударды.
лматы қаласының барлық университеттеріне ата-аналар мен студенттердің сұраныстарына жедел жауап беру, CALL-орталықтардың жұмысын ұйымдастыру, қолжетімді телефон арналарын пайдалану, барлық қоңырауларға жылдам жауап беру жөнінде нұсқаулар берілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -