Алматыда «Алма-Арасан» радон көзі жаңартылады
Алматыда 2025 жылы Үлкен Алматы шатқалының ең танымал нысанның бірі – «Алма-Арасан» радон көзін қайта жаңарту жоспарлануда. Бұл туралы 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет қабылданған Алматы мәслихатының сессиясында хабарланды.
Емдік қасиеттерімен танымал бұл радон көзі Қазақстаннан ғана емес, шетелден де туристер мен қала тұрғындарын өзіне тартады. Алайда жергілікті тұрғындар мен туристер тарапынан инфрақұрылымның қазіргі жағдайына байланысты келіп түскен көптеген шағымдар мен ұсыныстар негізінде ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданды. Соңғы жөндеу жұмыстары 2019 жылы жүргізілген болатын, содан бері инфрақұрылым заманауи қауіпсіздік және жайлылық стандарттарына сай болу үшін жаңартуды қажет етеді.
Жобада инфрақұрылым нысандарын толық қайта құру көзделген. Басты шаралардың қатарында тайғанаққа қарсы қауіпсіз жабындысы бар жаңа көпірлер орнату, жолдар мен жаяу жүргінші аймақтарын жаңарту қарастырылған. Ең қауіпті учаскелерде тұтқалары бар баспалдақтар орнатылып, зақымданған элементтерді күшейту және ауыстыру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан бөлек, барлық учаскенің төсемдері болат тормен жасалады, бұл жазда да, қыста да қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар, жоба туристердің жергілікті жерде бағыт табуына және радон көзінің емдік қасиеттерімен танысуына көмектесетін жаңа көрсеткіштер мен ақпараттық стендтерді орнатуды қамтиды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін «Алма-Арасан» тек қауіпсіз әрі жайлы нысанға айналып қана қоймай, экологиялық туризмді дамытуға ықпал ететін бірегей туристік көрнекі орынға айналады деп күтілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -