Алматыда Almaty Business-2025 бағдарламасының арқасында 2,7 мыңнан астам жұмыс орны ашылды
Almaty Business-2025 кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы аясында «Алматы» ӘКК – нің еншілес компаниялары - «Almaty Finance» ЖШС және «Almaty» МҚҰ ЖШС арқылы 36,3 млрд теңгеге 656 жоба қаржыландырылды.
Ісін жаңа бастаған және жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпорындарға бизнесті бастауға немесе дамытуға 7 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2% және 6% жеңілдікті мөлшерлемемен қарыздар берілді.
Өнеркәсіптік, инновациялық, экспортқа бағдарланған жобалар, креативті индустрия, шағын өнеркәсіптік парктер (ЖПП) жобалары, сондай-ақ Алматының арнайы экономикалық және индустриалды аймақтарының аумағында іске асырылатын жобалар қарауға басым болып табылады.
Осы жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Almaty Finance және «Almaty» МҚҰ қала бойынша 4,5 млрд теңге сомаға 55 жобаны қаржыландырды, осы жобалар аясында 348 жұмыс орнын (690 жұмыс орны) құру көзделуде.
Шағын өнеркәсіп парктерінің құрылысын қаржыландырумен қатар, бизнесті дамытуға арналған қарыздарды өндіріс және қайта өңдеу, денсаулық сақтау, білім беру, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік, креативті экономика және туризм салаларындағы жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер алды. Сондай-ақ, спорт және халыққа қызмет көрсету саласындағы жобалар қаржыландырумен қамтамасыз етілді.
Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының қолданылу кезеңінде 2019 жылдан бастап 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін 36,3 млрд теңге сомасына 656 жоба қаржыландырылды, 2 716 жұмыс орны құрылды.
Кәсіпкерлерді қолдауға бөлінген бюджеттен 25,3 млрд теңге қайтарымды-револьверлік қаражатты пайдалану есебінен 36,3 млрд теңге сомасына қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Жыл соңына дейін «Алматы» ӘКК Almaty Finance және «Almaty» МҚҰ арқылы Almaty Business-2025 аясында қаржыландырудың жалпы көлемін 42 млрд теңгеге дейін жеткізу, кемінде 5 млрд теңге сомаға жобаларды қосымша қолдауды жоспарлануда.
Анықтама: 2024 жылы Almaty Finance несиесінің ең жоғары сомасы 500 млн теңгені, ал «Almaty» МҚҰ - да-73,8 млн теңгені құрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -