Алматыда Үлкен Алматы өзенінің жағалауы көріктендіріледі
2025 жылы Алматыда ұзындығы 5,7 шақырым болатын аумағы 23,4 гектар Үлкен Алматы өзені жағалауын көріктендіру жұмыстары басталады. Бұл туралы қаланың үш жылдық бюджеті бекітілген мәслихаттың кезектен тыс сессиясында белгілі болды.
Жоба бетонды тіреуіш құрылымдарды қайта жөндеу, жаяу жүргіншілер мен велосипед жолдарын салу, көпірлер, жарықтандыру тіректері, бейнебақылау камералары, балалар мен спорт алаңдары, демалыс орындары және модульдік қоғамдық дәретханалар орнатуды қамтиды. Сондай-ақ аумақты көгалдандыру және бақылау алаңдарын жасау жоспарланған.
Айта кетсек, 2024 жылы Алматының Алатау ауданындағы Боралдай өзені бойында 24 гектар аумақта жасыл аймақ құру жұмыстары аяқталған болатын. Онда жаяу жүргіншілер көпірі, скейтпарк, балалар және спорт алаңдары жабдықталып, орындықтар, қоқыс жәшіктері мен модульдік дәретханалар орнатылды. Мұндай жобалардың тәжірибесі көріктендірілген жағалаулар мен жасыл аймақтардың демалуға қолайлы орынға айналып, қалалық ортаның сапасын арттыратынын көрсетеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -