Алматыда санитарлық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде
Алматының санитарлық жағдайы мен эстетикасын жақсарту жөніндегі кешенді іс-шаралар аясында 2025 жылы 581 жаңа контейнерлік алаң салу және тереңдетілген үлгідегі 1 683 контейнер орнату жоспарлануда. Бұл туралы қаланың үш жылдық бюджеті бекітілген Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы кезінде белгілі болды.
Заманауи контейнерлер кеңістікті пайдалануды оңтайландыруға, алаң көлемін азайтуға, жағымсыз иістердің алдын алуға және құстар мен қаңғыбас жануарлардан сенімді қорғауды қамтамасыз етуге көмектеседі. Бүгінгі таңда қалада осындай 786 контейнер орнатылған, бұл тұрғындар үшін неғұрлым таза және жайлы қалалық кеңістік құрудағы маңызды қадам болып табылады.
Сонымен қатар, 2024 жылы Алматыда тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау үшін көлемі 1 м3 болатын 1800 пластикалық еуроконтейнер сатып алынды. Бұл контейнерлер қоқыс шығаратын ұйымдарға таратылады, бұл қалдықтарды кәдеге жарату процестерін жақсартуға мүмкіндік береді.
Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылы Алматыда 197 контейнер алаңы салынып, 1001 контейнер орнатылды. Алайда, агрессивті ортада жұмыс істеген 10 жыл ішінде бұл контейнерлер айтарлықтай коррозияға ұшырады. Контейнерлерді одан әрі пайдалану үшін Алматыда жоғары сапалы бастапқы тағамдық экологиялық таза полиэтиленді қолданатын отандық өндірушіден жаңа өнімдер сатып алынады. Бұл материалдар әлемдік стандарттарға сәйкес, ал өндіріс технологиясы бүкіл өнім бойынша біркелкі қалыңдығы бар, тігістерсіз және ішкі кернеулерсіз контейнерлер жасауға мүмкіндік береді, бұл контейнерлердің сенімділігін, ұзақтылығы мен беріктігін едәуір арттырады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -