Алматыда ТКШ жаңғырту: 2024 жылы 100 үйге күрделі жөндеу
2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында Алматыда тұрғын үй қорын жаңғырту бойынша жұмыстар қарқынды жалғасып келеді.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – азаматтар үшін қолайлы, қауіпсіз әрі энергия тиімді тұрғын үй ортасын құру.
Бағдарлама бірнеше маңызды бағыттан тұрады:
- Көпқабатты үйлерді күрделі жөндеу: Шатыр ауыстыру, жертөлелерді жөндеу және инженерлік жүйелерді жаңарту бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіледі.
- Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту: Жылу, су және кәріз жүйелерін жаңарту үдерісін оңтайландырып, коммуналдық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді.
2024 жылы 100 көпқабатты тұрғын үйде күрделі жөндеу жүргізіп, 100 жеделсаты жабдықтарын ауыстыру. Бүгінде қол жеткізілген нәтижелер:
- 100 көпқабатты үйде жөндеу жұмыстарына келісімшарттар жасалған, оның ішінде:
- 46 үйде жұмыс аяқталды;
-54 үйде жөндеу жұмыстары жалғасуда;
- Жеделсаты жабдықтарын ауыстыру бойынша: 45 үйде 87 жеделсаты ауыстыруға келісімшарттар жасалды, қазіргі уақытта:
- 3 үйде 4 жеделсаты ауыстырылды;
- 42 үйде 83 жеделсатыны ауыстыру жұмыстары жалғасуда.
2011 жылы тұрғын үй қорын жаңғырту бағдарламасы басталғаннан бері 1070 үй жөндеуден өтті, 1023 үйде 2155 жеделсаты ауыстырылды.
Күрделі жөндеуден өткен үйлердің тұрғындары өмір сүру сапасының айтарлықтай жақсарғанын айтады. Тұрғындар үйлерінің жайлылығы мен қауіпсіздігі артқанын, сондай-ақ заманауи технологиялардың енгізілуіне байланысты энергия шығындарының төмендегенін айтып отыр.
Бағдарлама ескірген тұрғын үйлердің пайдалану мерзімін ұзартуға ғана емес, сонымен қатар энергия тиімділігін арттыруға және коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.
Мемлекеттік жаңғырту бағдарламасы аясында тұрғындар жөндеу жұмыстарын өткізу үшін өтініш бере алады. Ол үшін меншік иелерінің 51% дауысын жинап, өтініш беру қажет. Жөндеу жұмыстарының құны коммуналдық төлемдерге қосылады және мемлекетке қайтарымды негізде өтеледі.
Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -