Алматыда жаңа амбулатория мен жедел жәрдем қосалқы станциясының құрылысы аяқталды
Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында аудан тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен қамтуды арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді.
Оның айтуынша, Нұршашқан шағын аудан тұрғындары үшін биылғы жылы бір ауысымда қуаты 100-ден асатын отбасылық-дәрігерлік амбулатория салынды. Қараша айында отбасылық дәрігерлік амбулатория ашылады. Сондай-ақ, осы жылдың шілде айында 10 бригадаға арналған №13 жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясы іске қосылды. Бұл қаланың шығыс бөлігі үшін жедел жәрдемнің келуін күту уақытын қысқартуға мүмкіндік берді.
«Спорт инфрақұрылымын құру жұмыстары жалғасуда. «Жас Қанат шағын ауданында а. ж. қазан айының соңына дейін күніне 600 адам қабылдайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенін ашу жоспарлануда», - деді қала басшысы.
Айта кету керек, 2024 жылы Алматыда денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғыртуды қаржыландыру 2,5 есеге 26,3 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -