«Алматы жастары» бағдарламасы қорытындыланды
Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы 2024 жылғы 29 шілдеден 7 тамызға дейін болған «Алматы жастары» бағдарламасы аясында өтінімдерді қабылдауды аяқтады. Осы жылы
платформасында 7072 өтінім берілді, бұл жастардың бағдарламаға деген қызығушылығының жоғары екендігін көрсетеді.Бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуға кемінде 1200 заем беру жоспарланған.
Келіп түскен өтінімдерді салалар бойынша бөлу келесідей:
Денсаулық сақтау – 1662 Білім беру – 2434 Мәдениет – 430 Спорт – 129 ЖОО мен ҒЗИ – 717 Журналистер – 123 Әлеуметтік сала – 352 Құқық қорғау органдары – 538 Коммуналдық қызметтер – 433 Жұмыс істейтін жастар – 254Мұқият қарастырудан кейін 1924 өтінім оң қаралып, мақұлданды.
Мақұлданған өтінімдер келесідей:
Денсаулық сақтау – 456 Білім беру – 662 Мәдениет – 165 Спорт – 42 ЖОО мен ҒЗИ – 196 Журналистер – 57 Әлеуметтік сала – 40 Құқық қорғау органдары – 170 Коммуналдық қызметтер – 105 Жұмыс істейтін жастар – 311200 өтінім беруші «Отбасы банк» АҚ-нан төлем қабілеттілігінен өту үшін жолдама алады. Жолдаманы алған қатысушылар 15 (он бес) жұмыс күні ішінде төлем қабілеттігін бағалаудан өту үшін «Отбасы банк» АҚ-ның кез келген қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Төлем қабілеттілігін растаған қатысушылар 45 (қырық бес) күнтізбелік күні ішіндеалғашқы және екінші нарықта тұрғын үй таңдай алады.
724 қатысушы негізгі тізім бойынша төлем қабілеттілігін растау аяқталғанша резервтік тізімде болады. 5148 қатысушының құжаты қайтарылды. Қайтарылудың негізгі себептері жұмыс орнының бағдарлама талаптарына сәйкес келмеуі, тұрғын үйге қажетті анықтамалардың болмауы, өтініш берген сәтте тұрғын үйдің болуы, соңғы 6 айдағы зейнетақы жинақтарының болмауы және т.б.
«Алматы жастары» бағдарламасының қорытындысы туралы басқа да толық ақпараттар
сайтындақолжетімді болады.Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -