Қанша шығысқазақстандықтар 2024 жылы банкротқа ұшырады?: Шығыс Қазақстан облысы, 06 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Қанша шығысқазақстандықтар 2024 жылы банкротқа ұшырады?

2024 жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне соттан тыс банкроттық туралы 790 өтініш келіп түсті, оның 54 өтініші банкрот деп танылды. Бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО бойынша МКД  дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова айтып өтті.    Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы наурыз айында қабылданған "ҚР азаматтарының төлемқабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңы күшіне енген болатын. Жеке тұлғалардың банкроттығының өтініш беру рәсімі соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сияқты  үш түрге бөлінеді. Барлық үш процедураны  тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.   - Егер борыш сомасы 5,9 млн теңгеден аспаса, жеке мүлігі  болмаса және өтініш берген күннен бастап қатарынан 12 ай ішінде міндеттемелері өтелмеген болса соттан тыс банкроттық рәсім  банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылады. Сот банкроттығы борышкердің мүлкін өткізу мүмкіндігімен 5,9 млн теңгеден астам борыштар кезінде қолданылады. Төлем қабілеттілігін арттыру табысы бар азаматтарға қарыздарын 5 жылға дейін қайта құрылымдауға мүмкіндік береді ,- деді Сайран Уалибекова.  Заң қабылданған уақыттан бастап соттан тыс банкроттық туралы 1927 өтініш берілді, оның 420 өтініші банкрот деп танылды.   Азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады (eGov.kz.), сондай-ақ e-salyq azamat немесе eGov мобильді қосымшаларында.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Усть-Каменогорска Восточно-Казахстанской области»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
2024 жылдың басынан бастап Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне соттан тыс банкроттық туралы 790 өтініш келіп түсті, оның 54 өтініші банкрот деп танылды. Бұл туралы ШҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО бойынша МКД  дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының басшысы Сайран Уалибекова айтып өтті.    Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы наурыз айында қабылданған "ҚР азаматтарының төлемқабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" заңы күшіне енген болатын. Жеке тұлғалардың банкроттығының өтініш беру рәсімі соттан тыс банкроттығы, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру сияқты  үш түрге бөлінеді. Барлық үш процедураны  тек борышкер ғана бастайды, яғни несие беруші немесе өзге кредитор борышкерге қатысты бұл рәсімдерді қолдануға құқығы жоқ.   - Егер борыш сомасы 5,9 млн теңгеден аспаса, жеке мүлігі  болмаса және өтініш берген күннен бастап қатарынан 12 ай ішінде міндеттемелері өтелмеген болса соттан тыс банкроттық рәсім  банктер, МҚҰ және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолданылады. Сот банкроттығы борышкердің мүлкін өткізу мүмкіндігімен 5,9 млн теңгеден астам борыштар кезінде қолданылады. Төлем қабілеттілігін арттыру табысы бар азаматтарға қарыздарын 5 жылға дейін қайта құрылымдауға мүмкіндік береді ,- деді Сайран Уалибекова.  Заң қабылданған уақыттан бастап соттан тыс банкроттық туралы 1927 өтініш берілді, оның 420 өтініші банкрот деп танылды.   Азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады (eGov.kz.), сондай-ақ e-salyq azamat немесе eGov мобильді қосымшаларында.

Аймақтағы жаңалықтар