Қараөткел көпірі жөндеуге ішінара жабылады
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы осы жылдың 5 маусымы сағат 21:00-ден 1 шілде сағат 06:00-ге дейін Қараөткел көпіріне Қабанбай батыр даңғылы мен А.Бараев көшесі тарапынан жартылай жабылатын тәсілдермен орташа жөндеу жүргізетін болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жөндеу жүргізу кезінде 5 маусымнан 1 шілдеге дейін жоғарыда көрсетілген учаскедегі қозғалыс екі бағытта да тораптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -