Әскери арсеналдар, базалар мен қоймалар жанында тыйым салынған аймақтар мен аудандарды белгілеу қағидаларына өзгерістер енгізіледі
Қорғаныс министрлігі «Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтардың және Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 9 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі.
Қағидалардың 1-қосымшасы 5-тармағына тыйым салынған ауданның шекараларын белгілеу бойынша толықтыру енгізіледі. Нақтылау соққы толқынына әсер ететін факторлардың әсерін, оқ-дәрі сынықтары мен олардың фрагменттерінің ұшуын есептеуге байланысты. Құжатта есептеулер бөлімнің техникалық аумағының шеткі қоймасынан жасалады» делінген.
Алматы облысының әкімшілік-аумақтық құрылымындағы өзгерістерді және Қарулы күштердегі ұйымдық-штаттық іс-шараларды ескере отырып, қағидалардың 2-қосымшасына түзетулер дайындалды.
Жалпы, нормативтік құқықтық актідегі өзгерістер әскери нысандардың атауларын ретке келтіруге және нақтылауға, жарылғыш заттарды сақтауды ұйымдастыру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде» биылғы жылдың 17 желтоқсанына дейін мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15322160
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -