Асхат Шахаров әлеуметтік желідегі парақшасында ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады
Өңір басшысы Асхат Шахаров әлеуметтік желідегі парақшасында ұстаздар қауымын төл мерекелерімен құттықтады.
Құттықтау мәтіні:
«Ұстаздар күні - ерекше мереке. Сіздерді шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! «Жүректе тұрар жалқы үнің, Жанымнан жалын жігер күт. Ұстазым, сенің әр күнің, Әр сәтің тұрған бір ерлік!», - деген Фариза Оңғарсынованың өлең жолдары бар. Расында да, әр шәкірттің қанатын қатайтып, шыңдайтын, үлкен өмірге жолдайтын ұстаз еңбегі - ерлікпен пара-пар. Бұл өмірде ұстаз көрмеген, мұғалімнің алдында оқушы болмаған тұлға кемде-кем шығар. Мен де қарапайым мектепте білім алдым. Алғаш әріп үйреткен, тұлға болып қалыптасуыма үлес қосқан, спортқа баулыған мұғалімдеріме алғысым шексіз. Кейін Жұбанов университетінде өзім де оқытушылық қызмет атқардым. Ұстаз болудың жауапкершілігін сезіндім. Білім көшін алға сүйреп келе жатқан ұстаздар қауымына құрметіміз зор! Білім саласына қамқорлық пен қолдау көрсетілуде. «Педагог мәртебесі» туралы Заң қабылданды. Ол заң педагог еңбегін материалдық ынталандыру шараларын, құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуде. Педагог кадрлардың жалақысы 2 есеге артты. Егер 2020 жылы мұғалімнің орташа жалақысы 172 мың теңге, бүгінде ол 348 мың теңгеге дейін өсті. Болашақ педагог мамандар да назарда. Биылғы жылдың өзінде жергілікті бюджет есебінен бөлінген 80 гранттың 20%-ы педагогикалық мамандықтарға берілді. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасын таба береді. Ұстаздар күні құтты болсын! Киелі мамандық иелеріне мықты денсаулық, шыдам мен шабыт тілеймін! Шәкірттеріңіздің құрметіне бөленіп аман жүріңіздер!», - деп облыс әкімі тілегін білдірген.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -