«Астана-есірткісіз қала»: елордада есірткіге қарсы акция өткізіледі
26 маусым Халықаралық есірткі заттарын теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күрес күні аталып өтеді. Осы күнге орай Астанада «Астана – есірткісіз қала!» есірткіге қарсы ауқымды акциясы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
«Астана – есірткісіз қала!» акциясы 22 маусымда «Хан Шатыр» СОО-да сағат 13:00-ден 16:00-ге дейін, сондай-ақ Есіл жағалауындағы амфитеатрда сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Оған қазақстандық эстрада мен спорт жұлдыздары, спорттық, вокалдық және би ұжымдары қатысады.
Іс-шараның ұйымдастырушылары Астана полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы болып саналады.
Акцияға қатысушыларға Кинологиялық орталықтың қызметтік-іздестіру иттерімен кинологтардың жұмысы көрсетіледі.
Сондай-ақ акцияның барлық белсенді қатысушылары үшін викториналар, спорттық жарыстар, сыйлықтар ұйымдастырылады.
Іс-шара шеңберінде елорда аумағында нашақорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін ҮЕҰ өкілдері мен еріктілер медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталады.
Іс-шара елорда әкімдігінің, психикалық денсаулық орталығының, АИВ-инфекцияларының алдын алу орталығының, «Ренессанс» оңалту орталығының және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың белсенді қатысуымен өткізіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -