«Астана – есірткісіз қала»: мамандар елордалық оқушылармен кездесті: Астана қаласы, 28 Қараша 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

«Астана – есірткісіз қала»: мамандар елордалық оқушылармен кездесті

Елордада жастар арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында нашақорлықтың алдын алу бойынша кезекті басқосу Мұқағали Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясында өтті. Оған білім ордасының 10 мен 11 сынып оқушылары қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Бүгін мектебімізде «Астана – есірткісіз қала» жобасы аясында нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл мұндай бағыттағы бірінші іс-шара емес. Кездесуге 300-ден аса оқушы қатысып отыр. Оның мақсаты – жастарға қателіктерден аулақ болу керектігін түсіндіру», - деді М.Мақатаев атындағы №74 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Өскінбаева.

Іс-шараға «Жастар және балалар ұйымдарының одағы» ЖҚБ жетекші маманы, психолог Әсел Пірімбек, Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Тоқтарбай жетекшілік етті.

Кездесудің басты мақсаты – есірткі заттарының болашақ өмірге келтірер зиянын түсіндіру, теріс әдеттерден аулақ болу, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.«Есірткі таратуға көбінесе жасөспірімдер тартылады. Себебі өзгелерге қарағанда оларға өз ықпалын жүргізу оңайырақ. Мектеп жасындағы балалар «ертегідей өмір сыйлаймын», «қаржылық жағдайың жақсарады» деген сияқты уәдеге алданады. Шын мәнінде, бұл жалған. Бүгінгі кездесу осындай жағдайдың алдын алу мақсатында өтуде. Ақпаратпен қаруланған адам сақтық шараларын ұстану жолдарын біледі», - деді Әсел Пірімбек.

Маманның сөзінше жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың негізгі себептерінің бірі бұл – ешкімге керек еместігін сезіну.

«Шын мәнінде, бұл – қалыпты жағдай. Жасөспірім шақта мұндай болып тұрады. «Мені ешкім түсінбейді» деп ойлау – қате. Мәселен, мен қазір сіздерден жеке-жеке «Өзіңізді жалғызбын деп сезінесіз бе?» деп сұрасам, оның жауабы «иә» болады. Ал көбісі бұл «жалғыз қалу» сезімінен қашады. Осы орайда мен өзгеден көмек сұрау ұят еместігін айтқым келеді. «Анашым, әкешім, менің жағдайым нашар. Менімен сөйлесіңізші» деп айту ұят емес. Егер сіздің ата-анаңызбен қарым-қатынасыңыз ішіңіздегі сырыңызды айтатындай жақын болмаса, онда сіз кез келген уақытта мектеп психологына көмекке жүгіне аласыз. «Психологқа бар» десе, шошып кетеді. Есі дұрыс емес адам ғана барады деп ойлайды. Бұл – қате пікір. Маманның ақылын тыңдау түк те ұят емес. Психолог пен коучқа өмірде жетістікке жеткен адамдар да барады», - деді маман.

Мамандардың айтуынша, есірткінің қармағына бір іліккен адам одан оңай құтылып кете алмайды. Бұл дертке шалдыққан адам онсыз өмір сүре алмайтындай күйге түседі. Нәтижесінде өзінің денсаулығын, өмірін құртады. Тіпті жақындарының өміріне де қауіп төндіруі мүмкін.

«Жасөспірімдер есірткіге «жоқ» деп қалай айтады? Оның бойында сенімділік қасиеті болуы қажет. Ата-анасынан, ұстаздарынан, қатарластарынан қолдау іздеу керек. Сондай-ақ бос уақытында спортпен, шығармашылықпен айналысқаны жөн», - деді ол.

Жасөспірімдер еліктегіш келеді. Сондықтан бір рет есірткіні қолданғанда ештеңе бола қоймас деп, нәтижесінде нашақор болғанын білмей қалады дейді мамандар.Сөз соңында психолог оқушыларға «есірткінің адам мәселесін шешпейтінін естен шығармаған жөн» екенін жеткізді.

«Бірқатар қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Есірткі таратқаны және оларды сақтағаны үшін 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл – адам өмірінің шамамен жартысы темір тордың ар жағында өтеді деген сөз. Одан шыққан соң адам көңілді болмайтыны рас. Сондай-ақ мұндай адамға қоғамның қарым-қатынасы да басқаша болады. Мәселен, биыл Астанада есірткі, психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін 150-ден астам адам жауапқа тартылды. Олар – 16 мен 45 жас аралығындағы адамдар», - деді Астана қаласы прокуратурасының аға прокуроры Азамат Тоқтарбай.

Сонымен қатар кездесу барысында оқушыларға есірткіге қарсы бағыттағы бейнероликтер көрсетіліп, есірткі мен психотроптық заттардың зияндылығы, оқушыларға құқықтық мәдениет құндылықтары, заң үстемдігі қағидаттары түсіндірілді.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар