Көктемгі егіс жұмыстарына 126 млрд теңгеге жеңілдікті кредиттер берілді
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басшылығымен, сондай-ақ холдинг құрамына кіретін қаржы институттарының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуде 2025 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын ерте қаржыландыруға өтінімдерді қабылдауға қатысты мәселелерге назар аударылды.
Президенттің тапсырмасын орындау шеңберінде осы мақсаттарға 700 млрд теңгеге дейін бағыттау жоспарлануда, оның 560 млрд теңгесі нарықтық капитал көздерінен тартылатын болады.
2024 жылдың 29 қарашасынан бастап «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала 2» бағдарламасы бойынша жылдық 5% жеңілдікті сыйақы мөлшерлемесімен қаржыландыру ашылды. 1364 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден шамамен 205,1 млрд теңге сомаға өтінімдердің жалпы пулы қалыптастырылды, оның ішінде 1253 АШТӨ-ден 195,5 млрд теңге сомаға өтінімдер жұмысқа қабылданды. 125,6 млрд теңге сомасына 907 АШТӨ қаржыландырылды.
Кездесу барысында егіс жұмыстарына несие алу кезінде фермерлерге қойылатын жекелеген талаптарды алып тастау мәселесі қаралды. Министрдің тапсырмалары «Бәйтерек" холдингінің жұмысына алынды және жақын арада қайта қаралатын болады.
Сонымен қатар, кездесу барысында ынтымақтастықты кеңейту, жеңілдетілген кредит беру бағыттары, аграрлық секторға инвестициялар тарту, агроөнеркәсіптік кешеннің басым бағыттары бойынша «АКК» АҚ қаражатына іске асырылатын жобалар, қаржыландырудың жаңа тетіктері және 2025 жылға арналған жоспарлар қаралды.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Айдарбек Сапаров ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына қол жеткізу, аграрлық секторды қолдау бойынша жаңа бағыттарды енгізу және саланы қаржыландыру қарқынын күшейту қажеттілігі үшін ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -