Мәжілісте азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасы ұсынылды: Астана қаласы, 05 Ақпан 2025 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Мәжілісте азаматтық қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасы ұсынылды

Бүгін Қазақстан Республикасы Мәжілісінің жалпы отырысында ТЖ министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов «Аазаматтық қорғау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын ұсынды.

ТЖМ басшысы қауіпсіздік шараларын күшейтуге және азаматтық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі өзгерістерді баяндады.

Биіктігі 28 метрден асатын ғимараттар мен адамдар жаппай жиналатын объектілерді пайдалануға беру кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру өкілеттігі беріледі.

Өрттен қорғау жүйелерін орнату бойынша қызмет көрсететін ұйымдарға жекелеген талаптар қойылады: олардың тиісті білімдері мен қажетті жабдықтары болу керек. Өрт салдарынан үшінші тұлғаларға зиян келтірілген жағдайда, адамдар жаппай жиналатын объектілерді сақтандыру жүйесі енгізілуде.

Министрлік жабдықтың тозуына байланысты апаттардың алдын алу үшін қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жарақтандырудың жиынтық жоспарларын келісетін болады.

Каспийде теңіз мұнай операцияларын жүргізетін инфрақұрылым объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін «мұнайдың төгілуін жою бойынша уәкілетті органның теңіз ұйымы ұғымы» енгізілуде.

ТЖМ аумақтық органдарын ТЖ жағдайында жедел ден қою үшін жетуі қиын аудандардағы туристердің жүріп-тұру маршруттары туралы хабардар ету тәртібі айқындалған.

Туристердің қауіпсіздігін арттыру және іздестіру-құтқару операцияларын жүргізуді жеңілдету үшін шаралар белгіленді.

Сейсмикалық қауіпті бағалау мен халықты қорғауды қоса алғанда, сейсмикалық қауіпсіздік жөніндегі іс-шараларды реттейтін жаңа тарау енгізілуде. Министрлік сейсмикалық, сел және қар көшкіні қаупін ескере отырып, қала құрылысы жобаларын келісетін болады.

Азаматтық қорғаныстың қорғаныс құрылыстарын құқықтық кадастрда тіркеу енгізілуде. «Ең қарапайым жасырын паналар» (жерасты паркингтері мен жертөлелер) деген жаңа ұғым енгізілуде, олар ТЖ кезінде халықты қорғау үшін қайта жабдықталады.

Жаһандық және өңірлік ТЖ-ға тиімді ден қою үшін орталық және жергілікті билік органдарының іс-қимылдарын үйлестіретін тұрақты жұмыс істейтін жедел штаб құрылады. Жергілікті билік органдары Объектілік ауқымдағы ТЖ жариялай алады және дала өрттерін (ЖЖМ, тамақтану, медициналық көмек) сөндіру үшін материалдық-техникалық жарақтандыруды қамтамасыз ете алады. Олар сондай-ақ халықты төтенше жағдайлардағы іс-қимылдарға дайындау үшін оқу орталықтарын жарақтандыруға қатысатын болады.

Қызмет бойынша көшкені үшін тұрғын үй төлемдері мен өтемақылар енгізіледі. Қиын жағдайларда, ТЖ және төтенше жағдай аймақтарында жұмыс істегені үшін, сондай-ақ шалғай өңірлерде қызмет еткені үшін үстемеақы көзделген. Қызметкерлерді казармалық жағдайда тамақпен қамтамасыз ету, карантиндік іс-шараларға қатысу және санаторий-курорттық емдеу. Бұл шаралар әлеуметтік жағдайларды жақсартуға және білікті кадрларды тартуға бағытталған.

Еріктілер үшін материалдық ынталандыру шаралары қарастырылған: жарақат алған немесе қайтыс болған жағдайда төлемдер, жалақыны сақтау және өртті сөндіруге қатысу кезеңінде негізгі жұмыстан босату.

«Заң жобасының мақсаты - өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ халық пен аумақты төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған заңнаманы жетілдіру.Енгізілген өзгерістер төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтып қана қоймай, азаматтық қорғау қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға мүмкіндік береді, бұл еліміздің әрбір тұрғынының қауіпсіздігіне әсер етеді», - деп ведомство басшысы Шыңғыс Әрінов атап өтті.

Ақпарат көзі: Министерство по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Аймақтағы жаңалықтар