Астана әкімдігі қаланың нөсер кәріз желісінің жұмысы туралы айтты
Қазір елорданың нөсер кәріз жүйесі 18 тазарту құрылысынан және 1-ші жинақтаушы тоғаннан, 610,8 км нөсер, дренаж және арық-науа кәріз желісінің магистральдық коллекторларынан тұрады, олар аумағы 16,7 мың гектардан асатын жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Жауын-шашынның мол жаууына байланысты бірқатар көшеде су жиналады. Қазіргі уақытта қала бойынша жаңбыр суын сору үшін 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Барлық коммуналдық қызмет жергілікті орындарда жұмыс істеп жатыр.
«Elorda eco system» ұйымы жерүсті ағын суын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тиісті іс-шараларды тұрақты негізде жүргізеді: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды булау және т.б. Сондай-ақ нөсерлі кәріз жүйелері мен тазарту құрылыстарын салу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.
Мәселен, 2019 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде қалада нөсер, дренаж және науа-арық кәріз желісінің магистральдық коллекторларының 400 км-ден астам желісі, 9 сорғы станциясы және 4 тазарту құрылысы салынды және реконструкцияланды.
2023 жылы нөсерлі кәріз жүйелерін салу бойынша үш жобаны іске асыру аяқталды, оның шеңберінде 10 км-ден астам магистральдық және таратушы нөсерлі кәріз коллекторлары салынды.
Биыл нөсерлі кәріздің 5 жобасы бойынша жұмыс жалғасуда, оның 3-еуін аяқтау жоспарланып отыр. Осы жобалар аясында 5 км-ден астам коллектор салынып, жаңа теміржол вокзалы аумағында тазарту құрылысының жұмысы аяқталады. Сондай-ақ нөсер кәрізі желілері мен құрылыстарының 8 объектісін жобалау жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Астана қаласында 2035 жылға дейін нөсерлі кәріз жүйесін дамыту» техникалық-экономикалық негіздемесі әзірлену үстінде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -