Астанада «Астана – есірткісіз қала!» веложарысы өтеді
Астанада нашақорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында полиция департаменті қызметкерлерінің, спорт секциялары мен ҮЕҰ жастар қозғалыстары өкілдерінің, сондай-ақ барлық ниет білдірушілердің қатысуымен веложарыс өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Мәселен, 9 маусым күні сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін Тұран даңғылындағы «Қазақстан күні» монументі мекенжайында «Астана – есірткісіз қала!» ұранымен веложарыс өткізу жоспарлануда.
Велоколонаның қозғалыс бағыты келесі бағыт бойынша өтеді: - Старт - Тұран даңғылы мәдениет және демалыс саябағынан – «Казахстан күні» монументі - Қорғалжын тас жолына дейін оңға бұрылу Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті. - Мәре - Тұран даңғылы мәдениет және демалыс саябағы – «Казахстан күні» монументі.
Спорттық іс-шара психоактивті заттарды тұтынбай, жастардың бос уақытын әртараптандыру, есірткі қылмысына, өскелең ұрпақ арасында қаңғыбастыққа қарсы іс-қимыл, салауатты өмір салтын насихаттау, Қазақстанда бұқаралық спорт пен шығармашылықты насихаттау және дамыту үшін өткізіледі.
Қатысушылар спорттық киіммен (ақ жейде және қара шалбар), спорттық жабдықтарымен (велосипедпен) велосипедпен жүруі керек. Қатысушыларды тіркеу 9 маусымда сағат 7:30-да басталады.
Айта кетейік, веложарыс «есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспардың», сондай-ақ Нашақорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеуге арналған «айлықтың» тармақтарын іске асыру шеңберінде өткізіледі.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -