Астанада Брусиловский көшесінің учаскесі жөндеуге жабылды
Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Е. Брусиловский көшесі бойынша Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейін жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Осы жылдың 30-31 мамыр аралығында жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты жоғарыда аталған учаске толығымен жабылатын болады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -