Астанада ерекше балаларды қолдау жәрмеңкесі өтеді
15 маусым күні сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін елорданың орталық саябағында "Астана мүгедек балалар қоғамын" қолдау мақсатында GARAGE SALE қайырымдылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
GARAGE SALE қайырымдылық жәрмеңкелері "Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы" ҚБ балаларды сауықтыру үшін маңызды препараттар мен аппараттарды сатып алуға көмектеседі.
Ұйымдастырушылардың ақпараты бойынша, Orda Invest компаниясының қатысуымен іс-шара көмек, қолдау және мейірімділік мәдениетін тәрбиелеу, адамдарды біріктіру мақсатында өткізіледі.
Биыл еріктілер құны екі миллион теңгеге жуық тұратын "UTS Говорун PRO2 лого айнасы сатып алуға ақша жинайды. Құрылғы психологиялық жағынан сөйлеу мәнерінің дамуы тежелген балаларды емдеу үшін қажет.
Іс-шарада қолөнершілерден басқа, қала тұрғындарының көңіл көтеруіне арналған шоу-бағдарлама, би баттлдары, табиғи музыка, конкурстар мен ойындар ұсынылады. Сондай-ақ қайырымдылық лотереясы өтеді, онда сыйлықтар, сертификаттар ұтып алуға болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -