Астанада М1 көлік айрығындағы учаске жөндеуге байланысты жартылай жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М1 көлік айрығы бойынша Түркістан көшесінен Арқар көпіріне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 6 маусым мен 1 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етіледі.
Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -