Астанада Мемлекеттік рәміздер күніне орай бұқаралық велошеру өтеді
Астанада 8 маусым күні ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықты Үркер (Ильинка) тұрғын алабының «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.
Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 08:00-ден 09:00-ға дейін жалғасады. Басталуы 09:00. Тіркелу тегін.
Іс-шара аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.
Әрбір қатысушы өз велосипедімен веложарысқа жіберіледі. Шлемнің болуы міндетті.
Іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды.
Мерекелік велошеруге елорданың кез келген тұрғыны мен қонақтары қатыса алады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -