Астанада «Менің рәміздерім» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті: Астана қаласы, 04 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

Астанада «Менің рәміздерім» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті

Астанада 4 маусым – Рәміздер күніне орай «Бәйтерек» монументінің қасында «Менің рәміздерім» атты ауқымды мерекелік акция өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған акцияны Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Ұлттық ұлан бірлесе ұйымдастырды.

«Менің рәміздерім» атты іс-шараны Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп ашып, қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтады.

4 маусым бірнеше жыл қатарынан мемлетіміздің Рәміздер күні ретінде ел көлемінде тойланып жатыр. Бүгін Мемлекет басшысы Рәміздер күнін арнайы ресми шарамен бастап берді. Ал қала көлемінде 500-дей ірілі-ұсақты іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірін елордамыздың символы – «Бәйтеректің» қасында өткізіп отырмыз.

Мақсатымыз – еліміздің құнды нышандарын дәріптеу арқылы жастардың отансүйгіштік рухын көтеру», - деді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Акцияда танымал әншілер ән шырқап, тұрғындар викториналық сауалдарға жауап берді. Ал Ұлттық ұланның көрсетілімдері көптің көңіл төрінен орын алды.

«ҚР Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі, бірлігі мен егемендігінің нышаны ретінде әрбір азаматтың жүрегінен орын алады. Біздің рәміздеріміз Ту, Елтаңба, Әнұран – ұлттық мақтанышымыз, тарихымыздың, мәдениетіміздің және болашаққа деген сенімділіктің көрінісі», - деген «Құрмет қарауылы» ротасының взвод командирі Дархан Тоқтасын қала тұрғындары мен қонақтарын осынау мерекемен құттықтады.

Ақпарат көзі: ГУ «Аппарат акима города Астана»

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz

Астанада 4 маусым – Рәміздер күніне орай «Бәйтерек» монументінің қасында «Менің рәміздерім» атты ауқымды мерекелік акция өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған акцияны Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Ұлттық ұлан бірлесе ұйымдастырды.

«Менің рәміздерім» атты іс-шараны Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп ашып, қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтады.

4 маусым бірнеше жыл қатарынан мемлетіміздің Рәміздер күні ретінде ел көлемінде тойланып жатыр. Бүгін Мемлекет басшысы Рәміздер күнін арнайы ресми шарамен бастап берді. Ал қала көлемінде 500-дей ірілі-ұсақты іс-шаралар өтіп жатыр. Соның бірін елордамыздың символы – «Бәйтеректің» қасында өткізіп отырмыз.

Мақсатымыз – еліміздің құнды нышандарын дәріптеу арқылы жастардың отансүйгіштік рухын көтеру», - деді Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Акцияда танымал әншілер ән шырқап, тұрғындар викториналық сауалдарға жауап берді. Ал Ұлттық ұланның көрсетілімдері көптің көңіл төрінен орын алды.

«ҚР Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн еліміздің тәуелсіздігі, бірлігі мен егемендігінің нышаны ретінде әрбір азаматтың жүрегінен орын алады. Біздің рәміздеріміз Ту, Елтаңба, Әнұран – ұлттық мақтанышымыз, тарихымыздың, мәдениетіміздің және болашаққа деген сенімділіктің көрінісі», - деген «Құрмет қарауылы» ротасының взвод командирі Дархан Тоқтасын қала тұрғындары мен қонақтарын осынау мерекемен құттықтады.

Аймақтағы жаңалықтар