АСТАНАДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ I ФОРУМЫ ӨТТІ
АСТАНАДА ОРТАЛЫҚ АЗИЯ МЕМЛЕКЕТТЕРІ ТАРИХШЫЛАРЫНЫҢ I ФОРУМЫ ӨТТІ
Бүгін Астана қаласында, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VІ Консультативтік кездесуі аясында «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТАРИХЫ: ХАЛЫҚТАР МЕН МӘДЕНИЕТТЕР АРАСЫНДАҒЫ ДИАЛОГ» тақырыбында Орталық Азия мемлекеттері тарихшыларының I форумы өтті.
Іс-шара Орталық Азия мемлекеттерінің ғалым-сарапшылары арасындағы диалогты күшейту жолымен тарихи процестерді зерттеу мен тарихи құбылыстарды бағалауда бірегей кеңістік, мәдени, саяси контекстте синхронды көзқарас қалыптастыруға алғышарт жасауға бағытталды.
Қатысушыларға құттықтау сөздерін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, сонымен бірге Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Түрікменстан, Өзбекстан Республикасы делегацияларының басшылары жеткізді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -