Астанада Сарыарқа даңғылының учаскесі жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Сарыарқа даңғылының Тұлпар көпірінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі учаскесінде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, биыл 20-30 маусым аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етілетін болады.
Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -