Астанада суретшілерге арналған байқау басталады
Елордада суретшілерге арналған «Астана және Пикник by Partners» байқауы басталады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты қалалық Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасына сілтеме жасап.
Суретшілерге арналған Visit Astana және Пикник by Partners байқауы екі кезең бойынша өткізіледі:
- бірінші кезең 19 маусымға дейін онлайн өтеді;
- екінші кезең – 22 маусымда Пикникте өтеді.
Бірінші кезеңнің жеңімпаздары:
- 22 маусымда өтетін Астанада пикникке 2 билет; - Пикник by Partners және Visit Astana брендтік мерч; - ART-space аймағында өз конкурстық жұмыстарын көрсету және бірінші орын үшін бәсекелесу мүмкіндігі.
Екінші кезеңнің жеңімпаздарын Esquire Kazakhstan жариялайтын эксклюзивті сұхбат, сондай-ақ демеушілерден қосымша сыйлық ұсынылады.
Байқауға қатысу үшін суретшілерге:
- Instagram-да Астананың атмосферасын және Пикникті by Partners көрсететін «Астана және Пикник by Partners» тақырыбында өз жұмысын еркін формада жариялау;- @partners.picnic және @visitastana.kz аккаунттарын белгілеу;- #пикниквастане2024 хэштегін қою керек.
19 маусымда ұйымдастырушылар бірінші кезеңнің бес жеңімпазын таңдайды. Байқау қорытындысын Esquire, Elle және Harper’s Bazaar журналдарының редакциясы шығарады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -