Астанада тұрғындар үшін жаттықтырушымен бірге сабақтар өтеді
Елордада 7 маусым күні AULAFIT әлеуметтік жобасы басталады, оның аясында қала тұрғындары жаттықтырушымен тегін және тікелей өз ауласында спортпен шұғылдана алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба белсенді өмір салтын насихаттау үшін ойластырылған және оған балалар ғана емес, егде жастағы адамдар да қатыса алады.
Жаттығулар дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері қаланың 25 орнында өткізіледі.
Яғни, таңғы сағат 9-дан бастап аға буын үшін, ұлдар мен қыздар үшін сағат 10:00-де жаттығулар өтеді. Ал кешке 17:00-ден бастап 6-10 жастағы балаларға арналған сабақтар, 18:00-де 11-15 жастағы балаларға арналған сабақтар және 19:00-де жастарға арналған жаттығулар өтеді.
Төменде біз қала бойынша жаттығулар өтетін 25 орыннң мекенжайларын ұсынамыз.
1. Тілендиев даңғылы, 382. С 303 көшесі, 2 үй3. «Манхэтен» ТК, Әнет баба, 114. Ш.Айтматов, 36 – «Жағалау» ТК5. Қорғалжын тасжолы, 25 – «Елорда 2020» ТК6. Ш. Қосшығұлұлы, 207. Сарыарқа, 11 8. Пушкин көшесі, 15 – «Китайская стена» ТК 9. Сығанақ көшесі 14 – «Шығыс ТК»10. Ж. Молдағалиев, 611. С. Сейфуллин, 9 – «Жоңғар қақпасы»12. Степан Кубрин, 23/1 – «Еуропалық» ТК13. Сарайшық көшесі, 34 – «Дипломат» ТК14. Ұлы дала, 31/1 – «Алпамыс» ТК15. Күйші Дина көшесі, 31 – «Мирас» ТК16. Момышұлы даңғылы, 12 – «Астана Меруерт» ТК17. Түркістан к-сі, 10 – «Көркем» ТК 218. Сауран к-сі, 5 – «Градкомплекс 2» ТК19. Қошқарбаев даңғылы, 4520. Ш.Айтматов, 60 – «Мадрид» ТК21. Кенесары даңғылы, 64 – «Дарын» ТК22. Қошқарбаев даңғылы, 34 – «Түркістан» ТК23. Құдайбердіұлы көшесі, 524. Сауран көшесі, 3/1 – «Сармат 1» ТК25. Б.Майлин көшесі, 31 – «Апато» ТК
Айта кетейік, әлеуметтік жоба 7 маусым күніа сағат 16:00-де Тілендиев, 38 мекенжайындағы аулада құрметті қонақтардың, қала тұрғындарының қатысуымен басталады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -