Астанада жөндеу жұмысына байланысты бірқатар көше жабылды
Астана қаласында 31 мамырдағы жағдай бойынша жөндеу жұмыстарына байланысты қандай көшелер жабылғаны белгілі болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Толығымен жабылған көшелер:
- Ж. Ташенов көшесінің қиылысы бойынша Ж. Ташенов көшесінен А. Бараев көшесіне дейінгі учаскеде;- Е. Брусиловский көшесі бойынша Кенесары көшесінен А. Иманов көшесіне дейінгі учаскеде;- Қабанбай батыр даңғылы бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейін (осыған байланыста Қабанбай батыр-Сығанақ көшесі және Қабанбай батыр-Алматы көшесі ашық).
Тұрғын алаптардағы көшелер:
- Өндіріс көшесі бойынша Бектау көшесінен Ақбидай көшесіне дейінгі учаскеде;- Ш. Бөкеев көшесі бойынша Р. Дүйсенбаев көшесінен тұйыққа дейінгі учаскеде;- Титов көшесі бойынша Алмалық көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін;- Сұлукөл көшесі бойынша Еңлік Кебек көшесінен Ардагерлер көшесіне дейін; - Абат-Байтақ көшесі бойынша Қ. Байсейітовадан Ш. Бейсекова көшесіне дейін.
Ішінара жабылған көшелер:
- Тәуелсіздік даңғылы – Р. Қошқарбаев көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейін (бұл ретте автокөлік құралдары үшін қозғалыс екі бағыттың бір жағы бойынша қамтамасыз етілген – 1 маусымда қозғалыс төменгі қабатта қамтамасыз етілетін болады).- Бөгенбай батыр даңғылы мен Ш. Уәлиханов көшесінің қиылысы (бұл ретте қиылыстағы қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады).
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -