Астанада жас педагогтарға арналған слет өтті
Елордалық № 43 қосымша білім беру мектеп-орталығында жас педагогтар слеті өтті. Астананың тәжірибелі педагогтары жас әріптестеріне білім беру тренингтерін, TEDx жобасын және ұлттық спорт ойындарын ұсынды, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.
Жас педагогтар білім беру тренингтеріне қатысуға, білім беру саласындағы үздік спикерлер, ҚР ПМ орта білім комитетінің төрағасы Қ.Жұмашев, Білім басқармасының басшысы Қ. Сенғазыев, "EdCrunch Academy" компаниясының негізін қалаушы Н. Қиясов, мектеп басшыларының кадрлық резервінің түлектері, сондай-ақ тәжірибелі педагогтар сөз сөйлеген TEDx форматындағы мотивациялық кездесулерде тың идеялармен шабыттандырды. Слетке 100-ге жуық жас педагог қатысты.
"Жас мамандар ретінде бұл мамандықтың сізге сәйкес келетін-келмейтіні туралы жиі ойлануыңыз мүмкін, әсіресе жұмыстың алғашқы үш жылында. Алайда ұстаздық қызмет сіздің сүйікті ісіңізді қалдыруға мүмкіндік бермейді. Ең бастысы - шаршамау. Сіздің араңызда болашақ мектеп директорлары, білім басқармаларының басшылары мен министрлер және әрине, ең жақсы мұғалімдер бар деп сенемін. Сіздермен бірге қала қарқынды дамып, жаңа мектептер салынуда. Қаламвзда бүгінде 263 мың оқушы бар болса, 2030 жылға қарай Астанада 382 мыңға жуық оқушы болады. Осы бес жыл ішінде мектепке 120 мың бала барады, сіздің жұмысыңыз одан әрі сұранысқа ие болады деген сөз", - деді елордалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.
Басқарма басшысы бүгінде елордада бір уақытта 34 мектеп салынып жатқанын айтты. Бұл мектептер төрт мың мұғалімді қажет етеді.
Қатысушылардың айтуынша, TEDx форматындағы білім беру тренингтері оларға өзекті тақырыптарға енуге, тәжірибе алмасуға, жаңа әдістемелерді игеруге және сыныпта жұмыс істеу үшін практикалық құралдарды алуға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ іс-шара барысында ұлттық спорттық ойындар мен эстафеталар өткізілді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -