Астанада Жеңіс даңғылының учаскесі бір күнге жабылады
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Жеңіс даңғылының Бұқарабай батыр көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі жол төсеміне жөндеу жүргізілетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты 1 маусым күні жоғарыда аталған учаске бір күнге толығымен жабылатын болады. Алайда Жеңіс-Кенесары және Жеңіс-Бұқарабай батыр көшелерінің қиылысы ашық болады.
Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -