Астаналық спортшылар командалық бәсекеде боччадан ел чемпион атанды
Боччадан Астанада өтіп жатқан үшінші ел чемпионатының шешуші жұптық және командалық сайыстар бойынша жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Астана қаласының жүлдегерлері:
Ересектер арасындағы жұптық сайыс бойынша (BC3 класс) Нұралы Нұрманқұл, Ярослав Осипенко 2-орынды иеленді.
Ал ересектер арасындағы командалық бәсекеде Итиана Шыңғысқызы, Меруерт Тілебалды, Ерхат Алмат 1-орынды қанжығалады.
«Елімізде бочча спортының негізін қалаушы Сұлтанбек Орынбасаровтың алғашқы шәкірттерінің бірі едім. 7 жылдан бергі уақытта Қазақстан чемпионатының жеке сайысында 2 мәрте қола жүлдеге ие болдым. Биыл бірінші рет командалық сайыс өткізіліп, өзім аңсаған чемпион атағына қол жеткіздім», - деді астаналық спортшы Ерхат Алмат.
2023 жылы ел чемпионатына 47 адам қатысса, биыл олардың саны 89-ға жеткен.
«Биылғы жарыс өте жоғары деңгейде өтті деуге болады. Себебі былтырғыға қарағанда қатысушылардың саны 2 есеге көп болды. 12 өңірден арнайы қатысты. Олардың ішінде БҚО, Түркістан облысы бірінші рет бақ сынады. Сондай-ақ жарыс барысында электронды табло қолданылды. Мұның бір ерекшелігі – турнирдің онлайн нәтижесін өзге елдер де көре алды. Осылардың барлығы елімізде боччаның жақсы деңгейде дамып жатқанын көрсетеді. Барлықтарыңызды құттықтаймын!» - деді ҚР Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев.
Енді жерлестеріміз үшін осы жылғы басты жарыс саналатын әлем чемпионаты 14-22 қараша күндері аралағында Бахрейннің Манама қаласында өтеді.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -